• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

ХАЛЫҚ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА: Қарағанды облысы мектептерінде өлкетануды зерделеу жұмыстары белсенді жүргізілуде

21 қазан 2013

Қарағанды облысының мектептерінде өлкетануды зерделеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп мәлім етті облыстық білім беру басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.

Ол бұл пікірін «Білім мен тәрбие сапасы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары» тақырыбында өткен аймақ ұстаздарының тамыз мәслихатында білдірген еді. Алқалы жиын барысында өңірдің басты ұстазы «Білім мен тәрбие сапасын арттырудың шарты - инновациялық процестер» тақырыбында баяндама жасап, Қарағанды облысында жүзеге асырылып жатқан ілкімді істер жайында кеңінен тарқата айтып берген еді.

«Мәдени мұраларды сақтаудың, ұлттық өзін-өзі тануды қалыптастырудың, қызметтің барлық салаларын жан-жақты дамытудың барынша маңызды факторларының бірі өзіңнің тарихи өткенің мен ұлттыңның салт-дәстүрін жетік білу екендігі айқын. Өз өлкеңнің тарихын білмей тұрып, тарихты танып білу мүмкін емес», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл бағыттағы жұмыстар Қарағанды өңірінде белсенді жүргізілу үстінде.

«Мектептердіе5-6 сынып оқушылары үшін «Қарағандытану», «Нығметтану», «Балқаштану» авторлық бағдарламалары ұсынған «Өлкетану» атты арнайы курс енгізілген. Өлкетану бойынша өңірлік оқулық әзірленуде. «Ел Тану» ақпараттық порталын қажетті материалдармен толықтыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар студенттік экскурсиялық бюро да құрылды», - деп атап өтті облыстық білім беру басқармасының басшысы.

Басқарма бастығының атап өтуіне қарағанда, бұдан бөлек аймақта барлық жастағы мектеп оқушыларын өлкетану жұмыстарына барынша тартуға бағытталған іс-шаралардың кешенді жоспары да әзірленген.

«Осы мақсатта «Сарыарқа жолдарымен» тарихи-зерттеу экспедициясын жүргізу, «Туған өлке тарихы ізімен» виртуалды экскурсия жасау бойынша жоба әзірлеу, «Жас іздеуші» өңірлік жобасын дайындау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек басқа да іс-шаралар қарастырылған. Нәтижесі ретінде өлкетану бойынша жаңа авторлық бағдарлама жасалады», - деді Е.Иманғалиев.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 667