• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Елордада көп балалы және тұрмысы нашар отбасынан шыққан 60 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді

21 қазан 2013

Астанада көп балалы және тұрмысы нашар отбасынан шыққан 8 мың балаға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінен хабарлады.

Бүгін Астана қаласының Есіл ауданында көп балалы және тұрмысы нашар отбасынан шыққан 60 балаға мектеп формасы, кеңсе тауарлары мен рюкзактар, спорт заттары берілді.

«Өткен жылы 6 мың балаға жәрдем көрсеттік, биыл 8 мыңға жуық баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Аталған акцияны өткізуге қол ұшын берген демеушілерге алғысымды білдіремін. Іс-шараның басты мақсаты - балаларды мектепке дайындау болып табылады. Өйткені, балалары көп, түрлі себептермен баланы мектепке дайындай алмайтын отбасылар бар ғой. Біздің акцияға қолғабыс еткен кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, жеке бизнес құрылымдардың бар болғанына қуаныштымын», - деді Балалар құқығын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы Римма Иманғазинова.

Атап айтқанда, № 7, 49, 15, 18, 61, 20, 50, 23, 65, 34, 54, 19, 40 оқитын балаларға көмек көрсетілді.

Еске салайық, елімізде 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі. Іс-шара көп балалы және тұрмысы нашар отбасынан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектесуге бағытталған.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 585