• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

ОҚО-да 200-ден астам мектеп жабылатын болды

20 қазан 2013

Оңтүстік Қазақстан облысында 200-ден астам мектеп өрт қауіпсіздігі сақталмағаны үшін жабылатын болды.  Мектептерге арнайы тексеріс жүргізген өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осындай тоқтамға келген. Алайда, мәселені реттеуі тиіс облыс әкімшілігі,  мұндай олқылықты "ағайыншылықпен" шешудің жолын ұсынып, тіпті өрт қауіпсіздігінің мамандарына ақыл үйреткен көрінеді.

Төлеби ауданында бүгінде 74 мектеп бар. Бірақ, олардың 40-қа жуығы өрт қауіпсіздігі талаптарына мүлде сай келмегендіктен, сот шешімімен жабылмақ. Демек, аудандағы білім ошақтарының 60 пайызының есігіне қара құлып салынады.  

ГҮЛНӘР ӨМІРӘЛИЕВА , «Жеңіс»  негізгі орта мектебінің директоры:

Тексеру қорытындысы бойынша бізге 5 талап бойынша мектеп жабылады деп айтылды. Сол талаптарды  біздер сол күннен бастап орындауға тырыстық. Бізге қаржы керек болғандықтан білім бөліміне ұсыныспен шықтық.

Осы мәселе төңірегінде облыс әкімдігі шұғыл жиын өткізді. Сөйтсе, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың осы салаға жауапты орынбасары бұл мәселеден күні кешеге дейін бейхабар болған.  Оны хабардар еткен "Сіздерде пәленбай мектеп, осындай себептермен жабылды деген Елордадан келген хаттар.

СӘКЕН ҚАНЫБЕКОВ, ОҚО әкімінің орынбасары:

 Біздерге Астанадан қағаз келді жабылды мына мектеп деп. Астанадан біліп жатырмыз біз. Бір ауылда тұрасыздар. Кемшілік бар болса, кемшілікті жоюға бір-біріңізге ықпал ету керексіздер сіздер.

Алайда, ауруын жасырған білім саласының басшылығы Қаныбековтың кеңесінен қанаттанып шыққан секілді. Себебі, өз олқылығын ұмытқан олар, жиында өрт сөндірушілерге ақыл айта бастады.   

ЖАНАТ ТӘЖИЕВА, Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысы:

 Мекеме бәрімізге ортақ. Бала біздің барлығымыздың оқытып жатқан жеріміз. Сондықтан бірден келіп, жабамыз демей. Алдын ала мүмкіндік берсе.

Төтенше жағдайлар департамендегілер: " Мұндай бассыздыққа жол бере алмаймыз, ол - заңға қайшы" деді бірден. Себебі, жергілікті әкімдік хабарсыз болғанымен, талай мәрте ескертілген екен.  

УӘЛИХАН ЕРЕЖЕПОВ, ОҚО ТЖД бастығы:

  Жаңағы жабылады деген мектептер енді әбден шаруасы біткен мектептер. Былайша айтқанда. Оны жаппау ол біздің инспекторлық қылмыс ол. Кейбір мектептер бар. Қаңтарда тексерілген. Жеті ай бойы бір нәрсе істемеген. Қалай енді?

АРАЙ ЕСЕНБЕК, Тілші:

 Сондай-ақ жиында бір ғана  Сайрам ауданында 65 мектеп өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейді деп танылғаны мәлім болды. Десе де сол  білім ошақтарын жабуды кейінге шегеру мәселесі де қаралды. Мәселен төлебилік мектептерге экономикалық сот қараша айына шейін олқылықтарды орнына келтіруге уақыт берген.

31.kz

Ілгері Көрушілер саны: 572