• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

«Сәтті қадам» түлектерге жол ашты (ФОТО)

20 қазан 2013

«Жас Отан» жастар қанаты еліміздің ірі өндірістік мекемелерінде, ұлттық компанияларында және мемлекеттік органдарда жас мамандарды жүйелі түрде тағылымдамадан өткізу үшін «Сәтті қадам» жобасын қолға алған болатын. Еліміздегі ЖОО-ның 300-ден астам түлегі бағын сынаған жобаның іріктеу кезеңі аяқталып, сыннан сүрінбей өткен 149 жас маман «Сұхбаттасу» деп аталатын екінші кезеңге жолдама алды.

Кеше Астанадағы «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшылығының ғимаратында топ жарған түлектермен «Бауыржан» қайырымдылық қорының Президенті Ж. Омарбекова, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Н. Сыздықов, «Казконтент» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары З. Бахтиева, Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ Уақытша қызметке тұрғызу бөлімінің басшысы Ғ. Әбенова сұхбат құрып, бірқатар жас маманға өздері қалаған мекемеге тағылымдамадан өтуге жолдама берді. Түлектер 1 қыркүйектен бастап, мерзімі - 3 айлық машықтануға кіріседі.

«Басты талап - жастардың мүміндіктерін шыңдау. Біздің ойымызша, бұл жобаның берер пайдасы мол. Тәжірибеден өтіп, біліктілігін арттырса, аталған мекемеде жұмысқа тұруға мүмкіндіктері бар. Жас мамандармен сұхбат жүргізу барысында байқағаным, жастардың мемлекеттік қызметке тұруға деген құлшыныстары жоғары», - деді «Нұр отан» ХДП «Жас отан» ЖҚ-ның атқарушы хатшысы Нұрлан Сыздықов.

Егенбаев Қуандық бала күнінен ҚР Қаржы министрлігіне қызмет атқаруды армандаған екен. ««Сәтті қадам» жобасының арқасында көздеген мақсатыма жетуге мүмкіндік алдым»,- дейді, - жас маман.

«Өзім Тараз қаласынан келдім. Қаза-түрік лицейінің түлегімін. Мамандығым-қаржыгер. 2008-2013 жылдар аралығында Малайзия мемлекетіне барып, ағылшын тілін меңгердім. Енді алған білімімді елімнің гүлденуіне жұмсасам деген тілегім бар»,-деп ағынан жарылды.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, 6 министрлік пен 8 ұлттық компания «Сәтті қадам» жобасына қатысуға ниет білдірген.

baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 627