• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Батысқазақстандық полицейлер «Мектепке жол» шарасына сәйкес бір күндік жалақыларын аударды

20 қазан 2013

Батысқазақстандық полицейлер республикалық «Мектепке жол» шарасы аясында бір күндік жалақыларын аударды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полицейлер бес бірдей білім мекемесі: Орал қаласындағы №15 облыстық көмекші мектеп-интернаты, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты, Көшім психоневрологиялық балалар медициналық-әлеуметтік мекемесі, Оралдағы №30 мектеп және Теректі аудандық балалар шығармашылығы үйінің әрқайсысына 1 млн. теңгеден демеушілік көрсетті. Бұларда 2578 бала тәрбиеленсе, соның 52-сі - жетім, 65-і - мүгедек, 36-сы - ата-ана қамқорлығынсыз қалған, 106-сы - аз қамтылған, 128-і -көп балалы отбасылар балалары. Аталмыш қаржыға мектеп киімі мен оқу құралдары, дәрі-дәрмек сатын алынатын болады. Сонымен қатар қалалық және аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері жергілікті жерлерде жәрдем беруде.

Департамент бастығы Махамбет Абисатовтың айтуынша, бұл шара оқушылардың терең білім алып, тәуелсіз еліміздің лайықты азаматы болып қалыптасуына септесетін болады.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 581