• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қ. Көшербаев жаңа оқу жылын тыңғылықты дайындықпен бастауды жүктеді

20 қазан 2013

Қызылорда облысы әкімдігі аппаратының кезекті отырысы жаңа оқу жылына дайындық барысын талқылауға арналды.

Аймақ әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеңесте жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы облыстық білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Наурызбай Байқадамов баяндап берді. Оның айтуынша, өңірдегі 290 мектептің 275-інде ағымдағы, 15-інде күрделі жөндеулер жүргізілген. Аймақта 26 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұлардың 10-ы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі. Тағы 4 мектеп жыл соңына дейін қатарға қосылады. Ал 12 мектептің құрылысы келесі, 2014 жылы аяқталады.

Үстіміздегі оқу жылында облыста 120 мың бала алғашқы рет мектеп партасына отырады. Айта кетерлігі, жаңа оқу стандартының енгізілуіне байланысты 1 сынып оқушылары ағылшын тілін, 5 сынып оқушылары информатика пәнін оқуды бастайды. Қосымша білім беру жайы жаңа оқу жылына дейін толық дайын болады.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының өткізілу барысы жөнінде баяндаған балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Арман Қаржаубаевтың сөзіне қарағанда, бүкіл республика бойынша 6 жылдан бері өтіп келе жатқан акцияның биылғы жылғы ұраны - «Болашақты бірге жасаймыз». Ал акцияны жүзеге асыруға 18 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл ақшаға балаларға қажетті 20 мыңнан астам әртүрлі мектеп заттары алынған. Енді бағдарлама аясында облыс орталығы мен аудандарда жәрмеңке өткізіледі.

Жиын соңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев басқармалар басшыларына жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындықпен кіруді тапсырды.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 574