• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақстанда сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалып жатыр - Жамбыл облысы мұғалімдерінің тамыз кеңесі

20 қазан 2013

Таразда «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз жиналысы өтті. Оған облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысты.

«Білім беру жүйесін дамыту - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі, - деді Қ. Бозымбаев конференцияға қатысушыларға қарата айтқан сөзінде. - Жамбыл облысы білім беру саласында ағымдағы жылы едәуір нәтижелерге қол жеткізді. Өткен жылы сегіз мектеп пен үш балалар бақшасы пайдалануға берілді. 2013 жылы бір балабақша салынып, жыл соңына дейін тағы үш балабақша мен жеті жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 2014 жылы бес мектеп, жеті бала бақша және бір колледжді пайдалануға беру жоспарланып отыр». Облыс әкімі атап өткендей, биылғы жылы Таразда 720 оқушыға шақталған физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. «Болашақта бұл мектептің облыстың зияткер элитасын қалыптастыратынына күмән жоқ», - деп атап өтті өңір жетекшісі.

Білім саласын қаржыландыру да артып келеді. 2013 жылы 64 млрд. теңгеден астам қаржы, оның ішінде аймақтағы мектептердің материалды-техникалық базасын нығайтуға 10,3 млрд. теңге бөлінді.

«Балапан» бағдарламасы да ойдағыдай жүзеге асырылуда, 2010 жылдан бері осы бағдарлама аясында 55 балабақша мен 130 шағын орталықтар ашылды. Қазіргі кезде 195 балабақша мен 174 мектепке дейінгі шағын орталықтарда 37 467 бала тәрбиеленуде.

Облыста сонымен қатар, 1 095 баланы оқытатын 11 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасап жатқандығын аймақ басшысы атап өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша республикалық бюджеттен құны 2,4 млрд. теңге тұратын 600 орындық колледж салынуда.

Оқу ғимараты мен колледждің №12 жатақханасын салуға жергілікті бюджеттен 262 млн. теңге қаражат бөлініп отыр, деп хабарлады облыс әкімі.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 604