• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Ақтөбеліктер балаларға белсенді көмектесуде - «Мектепке жол» іс-шарасы

19 қазан 2013

Ақтөбеде кәсіпорындар мен ұжымдар көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындық жасауға көмек көрсету жөніндегі республикалық «Мектепке жол» іс-шарасына белсенді қатысуда.

Қазіргі таңда 1 балаға киім, оқулықтар және мектеп құралдарын сатып алу үшін әр отбасы 20 мың теңге және одан да көп ақша жұмсайтыны құпия емес. Сондықтан, «Мектепке жол» іс-шарасы шеңберінде көрсетілетін қолдау көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың тарапынан көптен-көп алғыс айту және ризашылық сезімдерін тудырады.

Осылайша, КА 168/4 түзету мекемесінің қызметкерлері және сотталғандар №40 орта мектебінен 15 мұқтаж балаға мектеп киімін, кеңсе тауарларын алып беріп, материалдық көмек көрсетті.

«Емшан - Emshan Co» компаниясы заңды тұлғалар бірлестігі 63 мектеп оқушысына, соның ішінде Ақтөбенің қала маңындағы Жаңақоныс кентінің 34 баласына және Шалқар ауданы Ақтоғай кентінің 29 оқушысына осындай қолдау көрсеткен. Кәсіпорын оларға 1 млн. теңгеден астам сомаға мектеп құралдарын және киімдерін сатып алып берген.

Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының қызметкерлері бірқатар қала колледждерімен бірге тұрмысы төмен отбасыларға балаларды мектепке дайындауға өз көмегін көрсетті. Облыстық әкімдікте көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың 21 баласына, соның ішінде әлеуметтік бейімделу орталығының үш баласына спорт киімдерін, спорт аяқ киімін,оқу-құрал жабдықтарын тапсыру жөнінде іс-шара өтті. Бір жиынтықты сатып алуға 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалған.

Білім басқармасының мәліметтері бойынша, 5 жыл бойы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аталған іс-шара шеңберінде барлығы 125 мың балаға қолдау көрсетілген.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 597