• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Осы аптада білім беру саласы қызметкерлерінің республикалық педагогикалық кеңесі өз жұмысын бастайды

19 қазан 2013

22-23-тамызда Астанада «Сапалы білім мен тәрбие - Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыты» тақырыбындағы білім беру саласы қызметкерлерінің республикалық педагогикалық кеңесі өз жұмысын бастайды.

Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Кеңесте білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі басты назарда болмақ, сондай-ақ онда педагогтармен, ата-аналармен және азаматтық қоғам өкілдерімен кері байланысты қамтамасыз ету, еліміздің білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы білім беру мен тәрбие сапасын арттыру шаралары қаралады»,-деді ресми өкіл.

Жиын барысында мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысы мен білім беру саласындағы жаңалықтар туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндап береді.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 593