• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Астанада 9 500 орындық 8 мектеп салынуда

16 қазан 2013

Жыл басынан бері Астанада 9500 орындық 8 мектептің құрылысы қолға алынған. Бұл туралы astana.kz  сайтына елордалық білім басқармасынан хабарлады.

Атап айтқанда, олар: № 50 және Ш.Қалдаяқов көшелерінің ауданындағы мектеп, Жұмабаев көшесінің шығысына қарай Сарайшық көшесіндегі мектеп, Түркістан, Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің орамындағы мектеп, Орынбор, Еңбекшілер және Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысындағы мектеп, жобаланған «Батығай» ТК ауданындағы мектеп, Железнодорожный кентіндегі мектеп, №41 және Мирзоян көшесінің жалғасының қиылысындағы мектеп.

«2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Батығай» ТК 1200 орындық мектепті ашу жоспарланған. Ал жыл соңына дейін екі мектеп (Железнодорожный кентіндегі мектеп, № 41 және Мирзоян көшелерінің қиылысындағы мектеп) пайдалануға берілмек», - деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан басқа, «Балапан» бағдарламасының аясында биыл 2600 орындық 6 мемлекеттік, 8 жекеменшік балабақша, 2 шағын орталық ашылып, жұмыс істеп жатыр. 2800 орындық 12 балабақшаның және №4 балабақшаға 60 орындық қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 566