• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Екібастұзда 1 қыркүйек күні ерекше балабақша ашылмақ

16 қазан 2013

Бүлдіршіндер «Ақбота» балабақшасында Мария Монтессоридің (Италия) ойын түріне негізделген өзін-өзі дамыту әдістемесі бойынша тәрбиеленетін болады.

320 бүлдіршінге есептелген балабақша қыркүйектің бірі күні Екібастұзда (Павлодар облысы) өз жұмысын бастайды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Балабақшада музыка және спорт залдары, компьютер сыныбы, қазақ тілі, логопед және психолог кабинеттері жұмыс істейтін болады.

Ал Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.

«Ақбота» балабақшасы бұған дейін жетімдер үйі болған ғимаратта орналасатын болады. Бүгінде ішкі жөндеу жұмыстары аяқталуда - ғимараттың төбесі жаңартылып, жылы еден төселді. Нысанды жөнге келтіру үшін бюджеттен 65 млн. теңге бөлінген.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 744