• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Астанада 1 қыркүйекте 12 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш аттайды

15 қазан 2013

Биыл 1 қыркүйек - Халықаралық білім күні жексенбі күніне келіп тұр. Дегенмен, елорданың барлық мектебінде оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен салтанатты жиындар, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, жергілікті мектептерде «Патриотизм сабақтары» өтеді.

Астанада жаңа оқу жылында 12 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.

«Биыл 1 сыныпқа 12 мыңға жуық бала барады. Қазіргі уақытта 11 163 адамнан өтініш келіп түсті», - делінген ведомство мәліметінде.

1 қыркүйекте Астанада орналасқан 82 мектептің бәрі есігін айқара ашады. Атап айтқанда, 70 мемлекеттік және 12 жеке меншікті мектеп. Онда 86 663 оқушы білім алады.

Білім басқармасының хабарлауынша, қаладағы жалпы білім беру ордаларында 5609 педагог қызмет етеді.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 565