• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Павлодар облысының мектептері жаңа оқу жылына дайын

15 қазан 2013

Биылғы жылы Павлодар облысынан 9,7 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, ал жалпы бірінші қыркүйек күні 88,2 мың оқушы мектепке бармақ, деп облыстық білім басқармасының жекткешісі Бахыт Бексейітова жергілікті БАҚ өкілдеріне мәлімдеді. Барлық білім беру мекемелеріне қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді, жаңа оқу жылына дайын. Оқулықтардың барлығы сатылып алынды.

Аймақтағы педагог мамандар саны да артты. Ұстаздар қатары 547 түлекпен толықты. Олардың 413-і еңбек жолын ауылдық аймақтардан бастамақ.

«Биылғы жылы мектептерге жаңа білім беру стандарттары енгізілуде. Енді ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқытылатын болады, ал информатика пәні 5-сыныптан оқытылады. 7-сынып оқушыларына жаңа пән - өлкетану пәні енгізілді», - деп мәлімдеді Б. Бексейітова.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 574