• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Ата-аналар бірінші сыныпқа баратын баласын мектепке интернет арқылы тіркей алады

15 қазан 2013

Бірінші тамыздан бастап ата-аналар бірінші сыныпқа баратын баласын мектепке интернет арқылы тіркей алады.

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлап отыр.

Компанияның сайтында жазылғандай, онлайн тәсіл арқылы баланы «E-learning» электрондық білім беру жүйесі енгізілген мектепке (мектептер тізімі электрондық үкімет порталында жарияланған) рәсімдеуге болады.

Онлайн-өтінішті беру үшін, www.egov.kz электрондық порталында тіркеліп, баланың ЖСН енгізіп, өтінішті сандық электрондық қолтаңбамен бекіту қажет. Қызмет 5 жұмыс күні аясында тегін көрсетіледі. Егер бала қамқоршылықта болса, сауалға растау құжаттарының көшірмесін бекіту қажет.

Айта кету керек, ата-аналар баласын жалпы білім беретін мектепке, мектеп-гимназияға немесе мектеп-лицейге тіркете алады.

Мектеп-гимназияға немесе мектеп-лицейге өтініш берген жағдайда, 3 жұмыс күні ішінде пайдаланушының жеке кабинетіне қабылдау емтиханынан өту керектігі, емтихан қай уақытта және қайда болатындығы жайлы анықтама келіп түседі.

Кейін емтихан қорытындысы бойынша, ата-аналарға egov.kz порталы арқылы мектепке есепке алу жайлы анықтама немесе бас тарту себебін түсіндірген дәйекті жауап қайтарылады.

Ал жалпы білім беретін мектепке өтініш берген жағдайда пайдаланушының жеке кабинетіне баласын мектепке есепке алу жайлы анықтама немесе бас тарту себебін түсіндірген дәйекті жауап 5 жұмыс күні ішінде келіп түседі.

Хабарламада көрсетілгендей, ата-аналар тікелей мектепке барса, өздерімен құжаттардың түпнұсқаларын ала барулары керек.

Айта кету керек, аталған қызметке Астана, Алматы қалаларының, сонымен қатар Қазақстанның облыс және аудан орталықтарының тұрғындары жүгіне алады.

Толығырақ ақпаратты тәулік бойы жұмыс атқаратын call-орталық мамандарынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады. Ұялы немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 591