• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих факультеті қайта құрылатын болды

15 қазан 2013

Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих факультеті ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған жоғары оқу орнының ректоры, тарих ғылымдарының ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті.

«Атап айтқанда біз нақты тапсырмалар алды. Оның ішінде жоғары оқу орындарында тарих кафедраларын қалпына келтіру, сонымен қатар классикалық жоғары оқу орындарында тарих факультеттерін ашу, бұған қоса министрлікке берілген тапсырма аясында тарих мамандығына білім гранттардың санын көбейту мәселелері шешімін табуда», - деді ректор.

«Университетте тарих саласының білікті мамандары мен ғалымдары баршылық. Осы орайда биыл ойланып, университетте тарих факультетін ашуды көздеп, бұл тұрғыда тиісті шешімді әзірлеп отырмыз»,-деді Е. Сыдықов.

Айта кетейік, Еуразия ұлттық университетінде 30 жыл бұрын, яғни кезінде Целиноград педагогикалық институты болып тұрған кезде тарих факультеті болған еді.

Естеріңізге сала кетейік, екі ай бұрын Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Қазақстан тарихын зерттеуге қатысты бірқатар маңызды мақсат-міндеттерді жүктеген болатын. Оның ішінде М. Тәжин тарихи кафедраларды жабуды тоқтатып, керісінше оларда қайта жандандыру мәселесін көтерді.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 798