Батыс Қазақстанда «Мектепке жол» шарасы аясында 17500 отбасыға көмек көрсету көзделіп отыр

15 қазан 2013

Батыс Қазақстан облысында «Мектепке жол» шарасы жалғасуда.

Облыстық білім басқармасының бас маманы Хажарбибі Ескендірованың сөзіне қарағанда, екі айға (1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін) созылатын науқан барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 17500 отбасыға көмек көрсету көзделіп отыр. Осы айдың басынан бері 644 оқушыға 1 млн. 727 мың теңгенің жәрдемі берілген. Соның ішінде 471 оқушы демеушілердің шапағатын сезінді.

Өткен жылы өңірде 15 мыңнан астам шәкіртке 59 млн. астам теңгенің көмегі көрсетілген болса, соның 27 млн. теңгесі демеушілер есебінен түскен еді. Яғни осындай топтағы балалардың 90 пайызы киім-кешек және оқу құралдарымен қамтамасыз етілген-ді.

Қазіргі таңда мектеп жасындағы балалардың білім ордасына баруын толық қамтамасыз ету мақсатында облыс аудандары мен Орал қаласында рейдтер жүргізілуде.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 920