Қазақстанды «қара тізімнен» білікті мамандар құтқарады

25 шілде 2013

Еліміздің азаматтық авиация саласы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ескертулерінен соң қатарындағы білікті қызметкерлердің қатарын көбейтуді қолға алды. Азаматтық авиация комитетінің штаты 54-тен 65 қызметкерге дейін көбейді.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация ми­нистрлігінің баспасөз қызметі хабар­лай­ды. Азаматтық авиация саласына жаңадан қа­былданатын қызметкерлердің 40-ы – ұшу қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік инс­пектор. Авиация әкімшілігінің штаттық са­ны­ның аз, ал мамандар біліктілігінің төмен болуы Қазақстанды Еуроодақтың «қара ті­зіміне» енгізген бірден-бір жайт еді. Са­лаға білікті мамандарды тарту үшін Мем­ле­кет басшысының Жарлығымен са­ла мекемелерінде орташа жалақы көлемі де көбейтілді. Бірақ жұмысқа қабыл­да­натын қызметкерлерге қойылар талап кү­шейіп отыр. Шілденің 1-інде мемлекеттік қыз­меткерлерді жұмысқа  қабылдау конкурсы өткізіліп, нәтижесінде жеті маман қыз­метке қабылданды.

Жұмысқа қабылданған барлық қыз­мет­кердің осы саладағы тәжірибесі 15-20 жыл­дың шамасында. Олар ұшақпен 14 мың сағат ұшып көрген. Сондай-ақ бұ­лар­дың қатарында аэронавигация дис­пет­чер­лері, ұшуларға метеорологиялық қызмет көр­сету инженерлері бар. Дені ұшу жа­рам­дылығына дайындау бойынша Еу­ро­па­лық авиация стандарттарының оқу курстарынан өтіп, тиісті сертификатқа ие болған, ағылшын тілін еркін меңгерген. ҚР Азаматтық авиация комитеті жақын уа­қыт­та  мемлекеттік инспектор қыз­мет­кер­лерінің бос тұрған 11 вакансиясына кезекті конкурс жариялайды.

alashainasy.kz

Ілгері Көрушілер саны: 841