Павлодарлық ғалымдар Ресей энциклопедиялық ғылымдар академиясының корреспондент мүшелері болып сайланды

24 шілде 2013

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қос ғалымы Ресей энциклопедиялық ғылымдар академиясының корреспондент мүшелері болып сайланды.

 Бұл туралы ЖОО баспасөз қызметінен хабарлады.

РЭҒА жаңа мүшелері - филология факультетінің деканы Қайрат Текежановқа және доцент Ришат Сәуірбаевқа куәліктер мен дипломдарды ПМПИ ректоры Нұрғали Аршабеков табыстады. Ол өзінің әріптестеріне тың жетістіктерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 981