Елорда – физиканың әлемдік астанасы

23 шілде 2013

2014 жылы Астана физиканың әлемдік астанасына айналады. Бұл туралы Копенгагенде өткен физикадан 44-халықаралық олимпиада кезінде айтылды деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

«Дарын» республикалық ғылыми-прак­ти­ка­лық орталығы баспасөз қызметі тарат­қан мәліметке қарағанда, келесі жылы 45-ха­лық­аралық олимпиаданы өткізу кезегі Астана қаласына тиіп отыр. Шілденің 7-15-і аралы­ғын­да олимпиадаға қатысқан Қа­зақ­стан құра­масына Копенгаген әкімшілі­гінің өкілдері «IphO кітабын» табыс еткен. Бұл кітап білім сайысын өткізу кезегі тиген елдерге беріледі. Данияға дейін ол Эсто­нияда болған. Қазақстан командасына олим­пиаданың нышаны – Ту да берілді. Ко­пен­гагенде өткен халықаралық сайысқа дү­ниежүзінің 81 мемлекетінен 374 оқушы қатысты. Бес адамнан тұратын Қазақ­стан құ­рамасы сайыс қорытындысы бойынша төрт күміс, бір қола медальды еншіледі. Же­ңім­паз атанған балалар – Астана, Ақтөбе, Тараз қалаларындағы қазақ-түрік лицей­лері­нің және Алматыдағы О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырыл­ған физика-математика орта мектеп-интер­натының оқу­шылары.

alashainasy.kz

Ілгері Көрушілер саны: 883