Оралда колледж бен училище түлектері кешенді сынақ тапсыруда

22 шілде 2013

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде колледж бен училище түлектері кешенді сынақ тапсыруда.

Жоғары білім алу мақсатында кешенді тестілеуден өту үшін барлығы 3874 үміткер (өткен жылы - 3139) тілек білдірді. Соның 1839-ы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетіне, 1349-ы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға, 686-сы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне оқуға құжаттарын тапсырды. Сынақ комиссиясының төрағасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ибрагим Сейтасановтың сөзіне қарағанда, комиссия құрамында бұған дейін де осындай сынақтарға қатысып жүрген қазақстандық ЖОО-лардың тәжірибелі оқытушылары бар. ҰБТ-ға қарағанда, кешенді тестілеуге қатысушылар бес емес, төрт пәннен емтихан тапсырады, соған байланысты берілетін уақыт көлемі қысқарақ - 2,5 сағат. Апелляциялық комиссия да жұмыс жасайды.

Кешенді тестілеудің алғашқы күні, 19 шілдеде 1015 түлек сынақ тапсырса, емтихан 20, 21 шілдеде жалғасты, бүгін соңғы күн.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 909