• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Арнайы зерттеу «Болашақ» бағдарламасының Қазақстанға қаншалықты пайда тигізгенін анықтайды - С.Нұрбек

18 шілде 2013

Біз іргелі бір зерттеу жұмыстарын өткізіп, Болашақ» бағдарламасының 20 жылдың ішінде елімізге қаншалықты пайда әкелгенін анықтап көрмекпіз.

 Бұл туралы бүгін «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек мәлім етті.

Оның айтуынша, бағдарлама қолға алынған 20 жылдың ішінде әлі бірде-бір рет оның тиімділігі зерттелген емес. «Сол себепті біз осындай зерттеу жұмыстарын бастап, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің өз еліне нендей материалдық және материалдық емес пайда әкелгенін анықтап көреміз. Шынымен де, бұл үлкен жұмыс болмақ. Оның нәтижесін біз қыркүйек айында жариялауды жоспарлап отырмыз», - деп атап көрсетті С.Нұрбек.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 595