• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Астанада «Болашақ» түлектеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ашылды

18 шілде 2013

Бүгін Астанадағы «Рэдиссон» қонақ үйінде «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ашылды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбектің айтуынша, осы жолғы жәрмеңкеге 600-ге жуық түлек қатысуы мүмкін. Олардың дені - бакалавр бағдарламасының түлектері. «Ал магистратураны бітірген мамандардың барлығы бүгінде жұмыспен толығымен қамтылып отыр. Себебі оларға сұраныс жоғары», - дейді С.Нұрбек.

Айта кетейік, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне мұнай-газ және энергетика саласының жетекші компаниялары қатысуда.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 566