• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Республикада талапкерлерді кешенді тестілеу басталды

18 шілде 2013

Бүгін республикада талапкерлерді кешенді тестілеу басталды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кешенді тестілеу тест өткізудің 35 пункті базасында 19 шілде мен 22 шілде аралығында өткізіледі.

Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 20 маусым мен 9 шілде аралығында кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдауды жүзеге асырды. Тестілеуге қатысуға жазылған өтініштер саны 78758-ды құрайды, оның ішінде мектеп түлектерінің өтініштері - 17765, жалпы орта білім алып (11-сынып) оқуға түскен техникалық және кәсіби білім мекемелері түлектерінің өтініштері - 17568, негізгі орта білім алып (9-сынып) оқуға түскен техникалық және кәсіби білім мекемелері түлектерінің өтініштері - 43425.

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдаудың қорытындысы бойынша Ұлттық орталық емтихан материалдарын дайындап, тестілеуді өткізу үшін аймақтарға жеткізді.

Кешенді тестілеуге жалпы орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы түлектері, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері, ҰБТ-ға қатыспаған мектеп түлектері, халықаралық алмасу оқыту жүйесі бойынша шетелде оқығандар, оқытылуы қазақ және орыс тілдерінде жүргізілмейтін мектеп түлектері, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының түлектері, сонымен бірге, шетел оқу орындарын бітіргендер қатысады.

Кешенді тестілеу талапкердің қалауымен қазақ немесе орыс тілінде орта білім берудің оқу бағдарламасы көлемінде 4 пән бойынша: мемлекеттік немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өтеді.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 730