• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

2014 жылы Астанада физика пәні бойынша 45-ші Халықаралық олимпиада өтеді - ҚР БҒМ

18 шілде 2013

Келесі жылы Қазақстан физика пәні бойынша 45-ші Халықаралық олимпиаданың ұйымдастырушысы болады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

 Биыл аталған олимпиада Дания астанасы Копенгаген қаласында өтті, ол жерде Қазақстан құрама командасына «IPhO кітабы» табысталды, онда Астана 2014 жылы физиканың әлемдік астанасы болып белгіленген. Бұл кітап Эстониядан басталып, Данияда жалғасып, Қазақстанға 45-ші Халықаралық олимпиада ұйымдастырушысы ретінде табысталды. 

«Жеңімпаздарды марапаттаған соң Данияның ұймдастыру комитеті Қазақстанның құрама командасына салтанатты түрде физика бойынша халықаралық олимпиаданың туын, яғни келесі жылы физика олимпиадасын Қазақстан Республикасында өткізу бойынша эстафета ретінде табыстады», - делінген primeminister.kz сайтында.

Айта кету керек, үстіміздегі жылы Копенгагендегі олимпиадаға 81 елден 374 оқушы қатысты. Оған қоса, Қазақстан командасынан 5 адам қатысып, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Астана қаласындағы ҚТЛ 11-сынып оқушысы  Айдар Жетесов, Ақтөбе ҚТЛ 10-сынып оқушысы  Әмір Бралин, Тараз қаласындағы ҚТЛ 11-сынып оқушысы  Мұса Раджамов және Алматы қаласының РМФМОМИ 11-сынып оқушысы  Нұрислам Тұрсынбек күміс иегерлері атанды. Өз кезегінде, Тараз қаласындағы ҚТЛ 10-сынып оқушысы  Дінмұхаммед Нұрбек қола жүлдегер болды.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 714