• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақстанға физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиаданы өткізу эстафетасы табыс етілді

16 шілде 2013

Астанада физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиада (ФХО) өтеді. Эстафетаны осы демалыста 44-ші олимпиада аяқталған Данияның астанасы - Копенгаген қаласы табыс етті.

Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан хабарлады.

Ғылыми сайыстың жабылу салтанатында 14 шілдеде Қазақстан делегациясының басшысы, «Дарын» орталығының директоры Шолпан Қирабаева кезекті пәндік олимпиаданы ұйымдастырушы-елді таныстырды. Жеімпаздарды марапаттаудан кейін Қазақстан құрамасына салтанатты түрде 45-ші ФХО туы тапсырылды.

Даниядан жас физиктеріміз төрт күміс және бір қола медаль алып келгенін еске саламыз. Олимпиадаға әлемнің 83 елінен барлығы 381 мектеп оқушысы қатысты.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 579