• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақстандық мектеп оқушысы информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадада «қола» жүлдеге ие болды

16 шілде 2013

Алматы қаласының мектеп оқушысы Нұрлан Жүсіп информатика пәні бойынша 25-ші халықаралық олимпиадада (ИХО) «қола» жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан.

Н. Жүсіп - Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы. Онымен бірге Қазақстан атынан олимпиадаға Алматы қаласынан тағы үш мектеп оқушысы қатысты.

25-ші ИХО 2013 жылғы 6-13 шілде аралығында Брисбен қаласында (Австралия) өтті. Ұйымдастырушылар Австралиялық математиктер кеңесі және Квинсленд Университеті (The University of Queensland, UQ) болды. Ғылыми сайысқа әлемнің 78 елінен 306 оқушы қатысты. Келесі олимпиада Тайваньда өтеді.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 578