• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақстандық вундеркиндтер физика пәні бойынша халықаралық олимпиададан төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болды

16 шілде 2013

Қазақстандық вундеркиндтер физика пәні бойынша халықаралық олимпиададан төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

44-ші олимпиада 7-15 шіле аралығында Дания астанасы Копенгаген қаласында өтті. Бұған әлемнің 83 мемлекетінен 381 оқушы қатысқан.

Күміс жүлдені қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушылары Айдар Жетесов (Астана), Амир Бралин (Ақтөбе) және тараздық Мұса Раджамов пен Нұрислам Тұрсынбек алды. Қола медаль аталған лицейдің 10-сынып оқушысы, тараздық Дінмұхаммед Нұрбектің еншісіне тиді.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 558