• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Мәжіліс депутаты Ж. Ахметбеков Қазақ агротехникалық университетінде кездесу өткізді

16 шілде 2013

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының аймақтарда өз сайлаушыларымен кездесулері жалғасуда.

Соның аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан коммунистері халықтық партиясының ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұстаздары мен студенттер қауымымен, жұртшылықпен кездесті.  Депутат оқу орнының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен ұстаздар қауымының, студенттердің  тұрғын үймен, жатақханамен қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлді.

«Қазақстан Республикасының экономикасы дамып, халықтың тұрмысы жақсара беруі үшін жоғары білімді азаматтарды дайындау үлкен рөл атқарады. Сол бағытта еліміздегі жоғары оқу орындары білімді, мәдениетті, қазіргі заманғы техниканы терең меңгерген түлектер дайындап келеді. Солардың қатарында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің де барлығы қуантады», - деді депутат жүздесу барысында.

Кездесу аясында Мәжіліс депутаты студенттердің жатақханаларында болып, олардың тұрмыстарымен танысты.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 601