• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Астанада 15 жылда білім берудің барлық сатысында оқитындар саны 2,4 есе өсті

16 шілде 2013

Елордада он бес жылда білім берудің барлық сатыларында оқитындар саны 2,4 есе артты.

Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен мәлім етті. 

«Жалпы білім беретін мектептер жыл сайын пайдалануға беріліп отырды. Оларда 29 мыңнан астам оқушы орны ашылды. Он бес жылдағы оқушылар санының 2,4 есеге артқанын ескерсек, бұл өте маңызды көрсеткіш»,- делінген ведомство хабарламасында.

Астана қаласында  2012/2013 оқу жылында 37 колледж бен кәсіптік-техникалық мектеп жұмыс істейді. Оқушылардың жалпы саны 31 219 адам болды. 1997/1998 оқу жылымен салыстырғанда колледж бен кәсіптік-техникалық мектеп саны 2,2 есеге, ал оқушылар саны 3,4 есеге ұлғайған .

2012/2013 оқу жылында қалада 14 жоғары оқу орны жұмыс істесе, олардың 3-еуі мемлекеттік, 11-і жекеменшік. Елордада 48 606 студент оқумен қамтылған. Биылғы жылы студенттер саны 1998/1999 оқу жылымен салыстырғанда 2,9 есе өскен.

Елордада жыл сайын орта арнаулы білім бойынша түлектер санының  артқаны байқалады.  2012 жылы колледждер мен кәсіби-техникалық мектептердің дипломын иеленген түлектердің саны 9 357 адам болса , 1997-1998 оқу жылына қарағанда 2 есе өскен.

 Маман түлектер  саны 2012-2013 оқу жылының басында қала бойынша 9 983 болған.  Олардың ішінде 987 түлек жоғары арнаулы білім, 8 996-сы бакалаврдың академиялық дәрежесін алды.

2012-2013 оқу жылындағы түлектер саны 1998-1999 оқу жылымен салыстырғанда 3,8 есеге артып, соған сәйкес білім алушылар көрсеткіші де 2,8 есе жоғарылады.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 598