• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Астанада өңірлерден келген 50 мұғалім сын тұрғысынан ойлау дағдыларының арнайы әдістерін меңгермек

15 шілде 2013

Астанадағы мұғалімдер мектебі еліміздің барлық аймағынан 50 педагогтың басын қосады.

Елордаға біліктілігін көтеру үшін еліміздің барлық аймақтарындағы жалпы білім беретін мектептерден 50 мұғалім келеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Назарбаев Университетінің Коммуникация және маркетинг департаменінен мәлім етті.

 Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары мұнда үшінші рет өткізіліп отыр. 2011 жылы Кембридж университетінің халықаралық емтихандар департаментінің (University of Cambridge International Examination) жаттықтырушыларымен бірге қазақстандық мектеп оқытушыларына «Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту әдістері» курсы өткізілді. Курстың барысында республиканың әр өңірінен жиналған арнайы және жалпы білім беретін мектептердің 50 мұғалімі сын тұрғысынан ойлау дағдыларының арнайы әдістерін меңгерді.

 2012 жылы Қазақстанның 12 аймағынан 100 мұғалім біліктілік арттыру курсынан өтті. Курс соңында оқыту нәтижелері бойынша және мұғалімдердің зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік әрекеттерінен туындаған ғылыми мақалалар жинағы шығарылды. Курсқа қатысқандардың жаңа идеялары мен зерттемелерін енді тек олардың авторлары ғана емес, сондай-ақ басқа да қазақстандық мектеп мұғалімдері пайдаланып отыр.

 Енді Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының кезекті ашылу рәсіміне орай ҚР білім беру жүйесі туралы ашық лекция өтеді. Осы жолы біліктілікті арттыру курсына республиканың әр аймағынан жалпы білім беру мектептерінің 50 мұғалім келді.

 «Біздің Мектепте мұғалімдердің біліктілігін арттыруға барлық мүмкіндіктер жасалған толыққанды және алуан-түрлі бағдарламалар мен жетілдірілген инфрақұрылым бар. Біз күрделі байқау жүргізу арқылы Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Финляндия сияқты білім саласында жетекші орын алатын елдерден ең үздік оқытушыларды жұмысқа тартамыз», -деді Жоғары білім беру мектебінің бас атқарушы директоры Аида Сағынтаева.

 Сонымен қатар, былтыр тұңғыш рет ЖОО басшыларына біліктілігін арттыру үшін «Дербестік жағдайында корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелері» бағдарламасы жүзеге асырылды. Өздерінің біліктілігін арттыру үшін қазақстандық ЖОО-ның 20 ректоры мен проректоры уақытша студенттер ретінде Назарбаев Университетінде білім алды.

 Түлектердің айтуына қарағанда, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары тек білім беру сапасын жетілдіретін технологияларды игеру мен ағылшын тілінде дәріс алу арқылы тіл деңгейін көтеру ғана емес, сонымен қатар әріптестерге өзара кәсіби тәжірибе алмасуға өте қолайлы алаң болып табылады.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 628