• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

ҚР-да жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне өзгеріс енгізілді

15 шілде 2013

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдендегі №698 қаулысымен "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізілді.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 9 шілде, Астана, Үкімет Үйі №698

«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде:
5-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5-5. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін кемінде 70 балл, ал «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   С.АХМЕТОВ.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 656