Дарынды балаларға арналған жаңа 2 спорт зал ашылды

12 шілде 2013

Астана. 11 шілде. Baq.kz – Таразда спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында 2 спорт зал пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында салынған нысандардың құрылысына 300 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Әмбебап спорт кешенінде оқу-жаттығу жұмысымен қатар түрлі спорттық ойындар бойынша жарыстар да өткізуге болады.
Ашылу салтанатында қазақ күресінің қара нары – «Қазақстан барысы 2013» турнирінің қатысушысы Бейбіт Ыстыбаевқа жаңа автокөліктің кілті тапсырылды. Айта кететіні, қазақ елінің мақтанышы Бейбіт – осындай спорт мектебінің түлегі.
«Біз ауылдық жерлерде, аудандық орталықтарда спорт түрлерінің облыстық чемпионаттарын ауылдарда өткізіп жатырмыз. Себебі ауыл жастарын спортқа тартып, мықтыларын іріктеп аламыз», - дейді Облыстық спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков.

baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 889