Павлодарлық жастар интерактивті 3D технологиясын меңгере бастады

10 шілде 2013

Астана. 8 шілде. Baq.kz – Дуалды оқыту жүйесінің жаңа тәсілі. Павлодарлық жастардың креативті идеяларды жетілдіріп, қысқа мерзімде жаңа технологияларды дамыту идеясы бүгінде өз тұтынушыларын тауып отыр.

Кәсіптік мамандар даярлайтын жергілікті оқу орындары жаңа жүйе – интерактивті 3D технологиясын оқу үрдісін табысты пайдалана бастады.

Жас мамандардың қолынан шыққан компьютер модульдерінің Қазақстанда баламасы жоқ. Мұнда кәсіпорындар мен цехтардың жұмыс жүйесі компьютерге орнатылған. Оқушылар мекемелерге бармай-ақ күрделі құрылғыларда жұмыс істеуді үйренеді. Мәселен, дәнекерлеуші маманның басымдылығы көп. Материал мен жол шығыны үнемделеді. Жарақат алудан сақтайды. Жұмыс барысында оқушылар түрлі кеңестер алады. Компания қызметкерлері айналасы 3 айдың ішінде компьютер арқылы кез келген адам дәнекерлеу жұмысының қыр-сырын толық меңгеріп шығатынын айтады.

Илья МУХОРТОВ, компания директоры:

- Компанияны құру туралы ой осыдан 2 жыл бұрын келді. Біз қашықтықтан оқытуды енгізу арқылы мамандарды қайта даярлау жүйесінің интерактивті түрін жетілдірдік.

Елімізде «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламаларын жүзеге асыруда кәсіби білікті мамандар аса қажет. Компания ұсынып отырған жеделдетілген оқыту үлгісі техникалық мамандықтар бойынша жұмыс істеуге нитетті жастар қатарын арттыруға сеп болады. Жас мамандармен жетілдірілген жобаларға халық қалаулылары жоғары баға беріп, оны іске асыруға көмек береміз деп шешті.

Серікжан ҚАНАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Австрия тарапы бізге жеделдетіп оқыту бойынша бірқатар технологияларын беруге әзір. Біз әріптестерімізбен келістік. Компания жігіттері Астанаға барады, австриялық мамандармен кездесіп, олардың тәсілін меңгеруіне жағдай жасауымыз керек. Сонда мамандарды қайта даярлау ісі жылдамырақ жүзеге асады.

Қазіргі күні заманауи мамандыққа нарықта сұраныс жоғары. «Жастардың тың идеялары бір облыспен шектелмеуі тиіс»,- деген ойда депутаттар. Бұл бағдарлама мемлекет тарапынан қолдау тапса, келешекте жастар тапсырыспен жұмыс істей бастайды.

baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 886