Елордада «Жасыл ел» студенттер жасағының жаңа еңбек маусымы басталды
10 шілде 2013
Астана. 9 шілде. Baq.kz Жастар саясаты мәселелері басқармасы қаланы абаттандыруға өз үлесін қосқысы келетін жігерлі жастарды «Жасыл ел» жасағында еңбек етуге шақырады.
«Жасыл ел» студенттер құрылыс және жастар жасағының штабы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен студенттерді, сонымен қатар 16-29 жастағы жұмыссыз жастарды жазғы демалыс кезінде жұмыс істеуге шақырады. Жұмыс кестесі: аптасына 5 күн, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін. Еңбек ақысы: 45-150 000 теңге.
Анықтама телефондары: 56-43-83, 87011007372
Bnews.kz




