Әуезов атында болған соң, әлемге танылуға тиіспіз
Жамбыл АЙМЕНОВ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – отандық білім беруші көшбасшылар қатарына енетін көпсалалы жетекші университеттің биыл 70 жылдық мерейтойы өтетін жыл. Осы орайда іргелі оқу ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқтала кетсеңіз!
– Бүгінгі таңда заманауи жағдайлар-да оқытудың жаңа тәсілдері мен технологиясы аса қажет. Осыны айқын түсінгендіктен де университеттің педагогикалық ұжымы өз алдына инновациялық ЖОО болу міндетін мойнына алып, халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру қызметтері сапасын жоғарылату мен республиканың жоғары білікті мамандарға мұқтаждығын барынша толық қанағаттандыруға кірісіп отыр.
Студенттерді оқу-ғылыми-өндірістік кешендерде (ОҒӨК) даярлаудың маңызы зор, бұл орайда университетте «ҚазФосфат», «ПетроказахстанОйлПродакт», «Меланж», «ОңтүстікМұнайГаз», «Hill Corparation», «Эко-Шина» және т.б. жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер сияқты аймақтың жетекші кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері базасын-да ұйымдастырылған 83 ОҒӨК қызмет көрсетеді. ОҒӨК-пен бірлесе отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру кәсіпорын-ның материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануға, олардың жетекші мамандарын оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік береді, бұл маман даярлау сапасын жоғарылату мен оқу үдерісіне инновациялық іс-әрекет нәтижелерін енгізуге ықпал етеді.
ОҒӨК шеңберінде мамандарды бірлескен бейіндік тұрғыдан даярлау жүзеге асырылады, бейіндік пәндердің жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары толығымен келісілген. Курстық және дипломдық жобаларды студенттер кәсіпорын тапсырысы бойынша орындайды және қондырғыларды қайта құрастыру, технологияны, үдерістерді жетілдіру бойынша түпнұсқалық шешімдер мазмұндалады. «Университет – кәсіпорын» серіктестігіне қатысу жұмыс берушілерге бітіруші курстардан өздерінің болашақ жұмыскерлерін таңдауға мүмкіндік беріледі.
Өндірістің бас мамандары оқу үдерісіне белсенді қатысады, атап айтқанда: өндірістің өзекті проблемалары бойынша лекциялар оқу, зертханалық сабақтар жүргізу, шеберлік сабақтарын жүргізу, өндірістік іс-тәжірибеге, курстық және дипломдық обаларға жетекшілік ету, т.б.
– Университет түлектеріне сұраныс қандай? Олардың жұмысқа орналасу мәселесі қалай шешімін тауып жатыр?
– Университеттің байыпты басымдықтарының бірі – өнеркәсіптік және бизнес-ортамен тығыз байланыс жасау. Бұл өндірістегілерді оқу үдерісіне тартуды және іс-тәжірибе мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру мәселелерін шешеді. Аймақтың көптеген кәсіпорындары мен ұйымдарының жетекшілері университетіміздің түлектері болып табылатындығы және даярлау сапасына қанық екендігі даусыз. Жұмыс берушілер арасында біздің оқу орнымызды ірі кәсіпорындар мен холдингтер байыпты түрде қолдап отыр.
Сондай-ақ университетте жұмысшы мамандықтар бойынша оқыту сараптамасы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Мұнай мен газ құбырларын пайдаланымдық және барлаушылық бұрғылауда бұрғылаушы көмекшісі», «Жөндеуші», «Жарылғыш заттар маманы», «Прекурсорларды сатып алу, сақтау, тасымалдау құқығына ие техник». Бүгінгі таңда әрбір түлекке жұмысшы мамандығын игерту міндеті қойылған. Бұл оның еңбек нарығындағы қажеттілігін жоғарылатады.
– Осы орайда заманауи педагогика-лық технологиялар мен оқыту әдістерін енгізу жайы қалай жүріп жатыр?
– Бұл әдіс маман даярлау сапасын жоғарылату мақсатында білім беру жүйесін реформалаудағы жалпы әлемдік бағыттардан туындаған. Осыған орай біздің университетте таяуда жаңашыл педагогтардың «Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру» Республикалық форумы өткізілді.
Оқытудың кредиттік жүйесі оқытушыға жоғары талаптар қояды, өйткені студенттер элективті пәндерді ғана таңдап қоймай, оқытушыларды да таңдау құқығына ие. Бұл өз кезегінде оқытушыны оқытудың жаңа тиімді әдістерін іздестіру мен қолдануға бағыттайды. Инновациялық технологияны енгізу үдерісінде оқыту әдістері мен құралдарына жетекші рөл беріледі. Оқытудың барынша жаңа инновациялық, педагогикалық және ақпараттық технологиялары мен әдістері, атап айтқанда, проблемалық оқыту, тұлғалық-бағдарлы оқыту, жобалау әдісі, интегративті тәсілді дамыту, оқытудың қашықтықтан білім беру технологиясы қызмет етуде және электронды оқулықтар мен оқу құралдары, компьютерлік оқытушы бағдарламалар, бейнелекциялар, виртуалды зертханалық жұмыстар, мультимедия технологиясы белсенді қолданылады.
Желілік қашықтықтан білім беру технологиясы үшін бағдарламалық қабық-ша ретінде Мәскеу қаласындағы «Білім берудегі виртуалды технологиялар» ААҚ жасаған «PROMETEY» қашықтықтан оқытудың жоғары технологиялы ақпараттық жүйесі қолданылады, ол арқылы студенттер, яғни сырттай оқу бөлімінің білім алушылары оқу-әдістемелік материалдарға қол жеткізе алады.
– Ендеше, бұл – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың халықаралық білім кеңістігінде өзі туралы сенімді түрде мәлімдеме жасағаны дейсіз ғой?!
– Дәл солай! Оқу орнымыз еуропа-лық университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойып, Еуропаның EORASHE атты ЖОО элиталы клубына ене отырып, білім беру үдерісін кең көлемді модернизациялау курсын қабылдады. М.Әуезов атындағы ОҚМУ жоғары оқу орындарының Еуропалық ассоциациясының, Ресей техникалық университеттері ассоциациясының, педагогикалық білім берудің Халықаралық Ғылым академиясының, «TEMPUS» бағдарламасы бойынша жоғары білім беруді реформалау саласындағы сарапшылардың Ұлттық командасының мүшесі, сондай-ақ Университеттердің еуразиялық ассоциациясы мен «ТМД желілік университеттері» Үйлестіру кеңесі құрамына енеді. 2010 жылдан бастап университеттердің Еуропалық қонақжайлылық ассоциациясына мүше және Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеттерінің базалық ЖОО болып табылады.
Университетте сексеннен астам жоғары оқу орындарымен, АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Бельгия, Австрия, Франция, Үндістан, Испания, Венгрия, Польша, Чехия, Норвегия, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Малайзия, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдер-дегі ұйымдарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық жөніндегі халықаралық келісімшарттар мен меморандумдар жүзеге асырылуда.
Білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде, 2011 жылы өзінің 70 жылдық даңқты тарихында алғаш рет М.Әуезов атындағы ОҚМУ Q.S.World University Rankings агенттігі рейтингте 601+ тобына енді. Соңғы жылдар ішінде біздің университет білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз қазақстандық агенттіктің бас рейтингісіндегі көшбасшылар үштігіне енді.
2010 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстан ЖОО арасында алғаш рет органикалық заттардың химиялық технологиясы; бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; химия; тығыз балқымалы бейметалды және сілтілі материалдардың химиялық технологиясы; биотехнология; азық-түлік өнімдері технологиясы секілді мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын ASIIN жетекші германиялық аккредитациялау агенттігінде аккредитациялады: Еуропалық лейблдер беруге ұйғарылған ЖОО университеттері қатарына М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітірушілері еуропалық студенттермен бір деңгейде жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейту және Еуропада білімін жалғастыру, халықаралық кәсіби қауымдастық және аккредитациялық мамандықтар тізіміне кірді.
2010 жылдан бастап университетте ОҚМУ және Гамбург қолданбалы жо-ғары ғылымдар мектебімен (Германия) біріккен «Энергетика жүйелерін жаңғырту – қоршаған ортаның техникалық қауіпсіздігін сақтау» және «Азық-түлік жөніндегі ғылым – азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандарды жобалау аумағында дайындау, өндірістік өнімдер және баламалы энергия нысанын жарыққа шығару және пайдалану туралы магистрлік бағдарламасы жүзеге асады. Қазіргі уақытта университет магистранттары Германияда білім алуда және кәсіби практикасын атақты неміс концерндерінде өткізеді. Осындай білім алған мамандарды жұмысқа алу ешқандай күмән тудырмайды.
Университет үшін маңызды біріккен жоба тоқыма кластеріне арналған Манчестер Метрополитен (Ұлыбритания) университетімен ортақ бағдарлама Оңтүстік Қазақстан аймағы дамуына бірден-бір басымдылық танытты. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан мен Ұлыбритания тоқыма кәсіпорнын тарту, сонымен бірге «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағын құру керек.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстан, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Белоруссия және Армения мемлекеттерінің он сегіз ЖОО-мен біріккен «ТМД желілік университеттердің» бірден-бір негізгі алаңы болып табылады. 2011-2012 оқу жылында 9 магистрант Ресей халықтар достығы және Новосібір мемлекеттік университетінде «Менеджмент», «Құқықтану», «Филология» мамандықтары бойынша білім алды. Осындай мақсатпен «Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетімен» әріптестік аясында жұмыстар жүргізілді.
– Бүгінгі таңда кез келген университет студентінің бағдарлама алмастыруына және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуына мол мүмкіндік бар дейсіз ғой?
– Барлық магистранттар ғылыми тәжірибені халықаралық ғылыми және білім орталықтарынан өтеді. Алдағы күзде 20 магистрант Германия, Австрия, Малайзия және Ресейдің жетекші ЖОО академиялық семестрден өту үшін аттанады. Еуропаның ежелден келе жатқан оқу орны – Болон университетінде ERASMUS MUNDUS бағдарламасы бойынша академиялық жылын өткізетін студенттер бар. Академиялық ұтқырлық шеңберінде іс-тәжірибеден өту үшін студенттер Бельгия, Түркия, Франция, Польша, Германиядағы шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдарға жіберіледі.
Университеттің беделін көтеру және жоғары деңгейге жеткізу үшін біріккен білім және ғылыми жобаларды кеңінен тарату маңызды. Осы орайда жетекші шетелдік ЖОО-мен, олардың ішінде Метрополитен Манчестерлік университеті (Ұлыбритания), Гамбург қолданбалы ғылымдар жоғары мектебі (Германия) , Ресей халықтар достығы университетімен біріккен білім бағдарламаларын жасады. Университет студенттерінің АҚШ, Еуропа мен Қытайдың танымал орталықтарын-да ғылыми жұмыстар жүргізуге керемет мүмкіндіктері бар. Яғни бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – Қазақстанның оңтүстігіндегі 70 жылдық тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудің үлкен мектебі болып табылады.
– Әңгімеңізге рақмет.
aikyn.kz
aikyn.kz




