Шетелдік кадрларды болашақта өз мамандарымыз алмастырмақ
Отандық ірі компаниялардың техникалық және кәсіптік білімі бар шетелдік кадрларды болашақта өз мамандарымыз алмастыратын болады.
«Кәсіпқор» холдингі осындай мақсат қойып отыр. Еліміздің әр аймақтарындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 140 оқытушысы әлемнің үздік елдерінің бірінде білімдерін шыңдап қайтты. Олар Сингапурдағы Nanyang Polytechnic институты базасында оқып, тәжірибелерін жетілдірді. Сингапурлық білім тәжірибесінен өткен ұстаздар бүгін өз нәтижелерін көрсетті. Енді олар кәсіптік сала бойынша алған білімдері мен тың жаңалықтарын өз оқу орындарында қолданысқа енгізе бастағандарын айтады. Ұстаздар сұранысқа ие мамандықтарды, яғни машина жасау, мехатроника мамандықтары бойынша білікті кадрлар даярлайтын болады. Жалпы 2017 жылға дейін 2 мыңға жуық маман шетелде арнайы білімін жетілдіретін болады.
Шынар КЕКУБАЕВА, Өскемен техникалық колледжі директорының орынбасары:
- Өзіміздің үйренгеніміз жалпы оқу үрдісіне тікелей жұмыс берушілердің қатысуы. Бірден жас маман оқу орнына келгеннен бастап оқу бағдарламалары мен мазмұны бәріне жұмыс берушінің қатысуы. Жалпы жұмыс берушілер қатысып отыру керек.
Джон СО, Nanyang Polytechnic институты директорының орынбасары (Сингапур):
- Біз білім алған қазақстандық мамандармен әрқашан байланыста боламыз. Сондай-ақ, тың жаңалықтарымыз болса бөлісуге дайынбыз. Сингапурда білім алған мамандардың өз бастамалары да бар. Соларды тыңдап, нәтижелерін көрдік. Алматыда, Павлодарда, Теміртауда болдық. Бастамасы жаман емес, оң баға беруге тұрарлық.
24.kz




