«Қан мен Тер» және «Соңғы парыз» ағылшын тілінде басылды

3 шілде 2013

Қазақ әдебиетінің майталманы, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» және «Соңғы парыз» романдары ағылшын тілінде жарық көрді. 

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада халықаралық тілде басылған кітаптардың тұсаукесері өтті. Кеңес одағы тұсында неміс, француз, испан сияқты 30-дан астам шет тілінде сөйлеген шығармалар, ағылшындық оқырмандарға енді ғана жол тартты. Басылымды - ағылшын тілін қолданатын әлемнің 52 еліне тарату көзделген. Айта кетейік, өткен айда Вашингтон мен  Нью-Йоркта туындылардың тұсауы кесіліп, кітап сүйер қауымның назарына ұсынылды.

Әбдіжәміл НҰРПЕЙІСОВ, жазушы:

- Халық жөнінде біз бәріміз үлкен-кішіміз, бәріміз жазуымыз керек. Халық жөнінде бір мақаламен, бір сөзбен отырмауыз керек.

Исламбек САЛЖАНОВ, «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті:

- «Қан мен Тер» мен «Соңғы парызды» аударып, бүкіл дүниежүзіне паш етіп жатырмыз. Қазақ халқы үшін бұл үлкен оқиға. Енді әрі қарай дүниежүзі қазақ халқының мәдениетін, салтын, дәстүрін білетін болады.

24.kz

Ілгері Көрушілер саны: 1470