Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсу жаңа тәсілмен жүзеге аспақ

3 шілде 2013

Назарбаев зияткерлік мектебіне іріктеу жүйесі өзгерді. Енді тестілеу екі күн бойы жүргізіледі.

Балалар алдымен пәндік тест тапсырады, сосын қарым-қабілеті сыналады. Оқушының зеректігі, сандармен жұмыс жасай білуі, ойлау қабілеті баса назарға алынады. Пәндерге байланысты сұрақтардың да саны көбейді, тиісінше оған жауап беру мерзімі де ұзартылған. Тестілеу шетелдік бақылаушылардың қатысуымен өтеді.  

Нико ДИЕТЕРЕН, бақылаушы (Нидерланды):

Біздің басты мақсатымыз – сынақ кезінде үміткерлерді бақылау. Балалардың барлығына бірдей жағдай жасалуы, іректеу жүйесінің жан-жақты ойластырылуы, озық технологияларға сәйкес келуі шарт. Біздің мақсат, міндетіміз осыны қадағалау.

24.kz

Ілгері Көрушілер саны: 831