АҚШ қазақ елімен ғылыми-техникалық ынтымақтастық орнатпақ

3 шілде 2013

АҚШ қазақ елімен ғылыми және техникалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. 

Осыдан үш жыл бұрын екі ел басшылары ғылыми-техникалық байланыс туралы келісімдерге қол жеткізген болатын.  Аталмыш құжат екі мемлекет арасындағы ғылыми серіктестікті нығайтып, білім, денсаулық, биотехнология, энергетика, су ресурстарын басқару, инженерия және қоршаған ортаны қорғау салаларында біріккен іс-шаралар жүргізуді жеңілдетеді. Бүгін Сыртқы Істер министрлігінің ұйымдастыруымен, осы келісім аясында екі ел құзырлы органдарының алғашқы кездесуі өтіп жатыр. Жиын барысында ынтымақтастықты кеңейтуді талқылау көзделіп отыр. Күннің екінші жартысында тараптар бірқатар келісімдерге қол қояды деп күтілуде. АҚШ - әлем экономикасының локомотиві екені белгілі. Сондықтан, ғылыми-техника саласында бұл елдің тәжірбиесі біз үшін аса маңызды болмақ.

Кэрри-Энн ДЖОУНС, АҚШ мемлекеттік хатшысының ғылым саласы бойынша көмекшісі:

- Қазақстан мен АҚШ-тың дипломатиялық қатынастар орнатқанына 20 жылдан асты. Бүгінгі кездесу барысында біз биохимиялық зерттеулер, жасыл химия, табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану секілді мәселелерді талқылауды көздейміз.

24.kz

Ілгері Көрушілер саны: 817