Отандық білім сапасын шетелдік сарапшылар бағаламақ
ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өткен республикалық аккредиттеу кеңесінің ІІ отырысында еліміздегі білім сапасын шетелдік сарапшылар бағалайтындығы айтылды.
Мұндай жүйе шетелдерде кеңінен таралған. Біздің елімізде енді ғана серпіліс алып жатқан Аккредиттеу институты 4 халықаралық ұйыммен келісімге келді. Ол – Ұлыбритания, Германия, АҚШ елдерінің сарапшылары. Осындай жүйе арқылы білім сапасы артып, халықаралық стандарттарға сай болуға жол ашылады.
Фатима ЖАҚЫПОВА, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:
- Жоғары оқу орындарында көптеген жұмыстар жасалады. Ал осындай аккредиттеу жүйесі арқылы елдер арасында өзара байланыс нығайып, тәжірибе алмасу артады. Еуропада қалыптасқан білім жүйесін біздің студенттерге түсіндіріп, барынша дамуға жағдай жасаймыз.
24.kz




