Ауылға жұмыс істеуге баратын жастар ақшаны қайдан алады?

2 шілде 2013

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысында тұрғын үй салу үшін несие қаралған. Ол несиені алу үшін қандай құжаттар өткізу керек және үкіметтің қандай қаулысында көрсетілген?»,– деп Қанат деген азамат ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаевқа сұрақты көкесінен қойыпты.

Бұл бүгінгі көп жасты толғандып жүрген мәселе. Ең құрығанда, ауылға ақшамен барған ұл, әр ауылдарға әлденешеуден барған ұл-қыз ауылға ептеген дем берер еді. Оған қоса ауылға «қала мәдениеті» (оның да жақсы жақтары бар), қалалық «тұрмыстық-техникалық жетістік», интернет пен байланыс, әрі қарай жол, су .., мемлекеттің де ауылдарға деген ынта-шынтасы арта түседі... міне, бұл мемлекеттік дамудың басы. Халықтың қолында бар мүмкіндік сол, әттең!
Оған министр мырза былай деп жауап береді: « Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiнің (бұдан әрі – Ереже) 6 тармағына сәйкес, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшін Әкiмшiге, яғни аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті органына мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесiн;
4) азаматтарды тiркеу кiтабының (үй кiтабының) немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтаманың көшiрмесiн;
5) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесiн;
6) салық төлеушiнi тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
7) әлеуметтiк жеке кодты беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
8) жылжымайтын мүліктің бағалау актісін (бюджеттік кредит алу үшін);
9) тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына актіні.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.
Осы Ережеде көзделмеген басқа да құжаттар берудi талап етуге жол берiлмейдi».

Baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 844