Жас ұрпақты зиянды әдеттерден сақтандыру

2 шілде 2013

Жас ұрпақты есірткі, ішімдік, темекі сияқты зиянды әдеттерден сақтандыру бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Күнделікті өмірде орын алып жүрген үлкенді-кішілі қылмыстардың дені осы ішімдік пен есірткінің салдарынан болатынын біз жақсы білеміз.

 Ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-ана ұрпағым жаман болсын демейді. Дегенмен, соны түсінбей, ата-анасының тапқан-таянғанын шашып, айығуы қиын дертке ұшырап жатқан жастарымыз бар. Әркез осыны ескеріп отыратын біздің орталық жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда бірсыпыра жұмыстар жүргізді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан жастардың арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Біздің бұл бағыттағы жұмыстарды облыстық ішкі саясат басқармалары да қолдап отырады.
Жыл сайын Дүниежүзілік темекі шегушілікке қарсы күрес күніне орай жоғары және арнаулы оқу орындары жастарының қатысуымен түрлі шаралар өтеді. Өткен жылы жер-жерде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі мен спирттік ішімдіктер сатуды болдырмау мақсатында акция өтті. «Жасөспірім» деп аталатын мұндай акция биыл да өз жалғасын табады. Жоғары оқу орындарында, кәсіпорындар мен мектептерде ішімдік пен темекінің зияндылығы туралы дәрістер оқылды. Мұндай шаралар тек облыс орталықтарында ғана емес, шалғай аудандарында да ұйымдастырылады.

Baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 895