Ел болашағы – білімді жастар

1 шілде 2013

Сыр өңіріндегі Қармақшы ауданы Томанов атындағы №183 орта мектебінің директоры Алтынша Кенжеева оқу-білім мен тәрбие саласына қатысты өз ойларымен бөліседі.

«Егеменді елдің тірегі – білімді ұрпақ» деп Елбасы айтқандай, еліміздің болашағы жастардың қолында болғандықтан, келешектің негізін ұстайтын жас мамандарды бәсекеге қабілетті, білімді де, білікті етіп шығаруға әрбір ұстаздардың бас міндеті болып табылатынын ұмытпауымыз қажет. Бұл орайда Сыр өңіріндегі Қармақшы ауданы Томанов атындағы №183 орта мектебінің директоры Алтынша Кенжеева оқу-білім мен тәрбие саласына қатысты өз ойларымен бөліседі.

–Президент Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілет­тілігін қамтамасыз етуге мүм­кіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсеткені белгілі.
Демек, әрбір елдің бола­шағы білім ордасынан бас­талары анық.Тәуелсіздік туы желбіреген қазақ елінің ер­-теңі – бүгінгі жас ұрпақтар. Сол жеткіншектердің білім нәрімен сусындауы, тәлімді тәрбие алуы соның нұр сәулесін шамшырақтай ша­шып, бала бойына сіңіріп, қасиетті де құдіретті мекен-мектебімен жанындай сүйетін мұғалімдер екеніне ешкім дау айта ал­майды.
Мектепте бүгінгі таңда 422 оқушы қазіргі заман талабына сай білім алса, оларға 63 мұ­ғалім ұстаздық етеді. Олар­дың 57-сі жоғары білімді, 6-ауы арнаулы орта білімді. Пән мұғалімдерінің 3-еуі жоғары санатты, 19-ы бірінші санат­ты,17-сі екінші санатты.
Мектебіміз жара­тылыс­тану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім береді. Бүгінгі мектеп партасында отырған жасөспірімдер – ертеңгі ел азаматы. Сол жастардың білімін саралап, келешекке жолдама беретін тетік – Ұлт­тық бірыңғай тестілеу. ҰБТ – білім саласының көрсет­кі­ші. Сондықтан мектеп мұға­лім­дері өздерінің шығармашы­лық деңгейін арттыру мақ­са­тында облыстық білім же­­­т­іл­діру институтымен тығыз жұмыс істейді. 23 мұғалім об­лыстан, 1 мұғалім респуб­ли­кадан өз білімін жетілдірді.
Мектеп мұғалімдері­нің мақсаты – білім мазмұны­­ның білім деңгейін меңгерте және кәсіптік бағдар бере отырып, шығармашылық ой-өрісі бар, компьютерлік сауа­ты мен ақпараттық мәдениеті қалыптасқан, қазіргі кезде өзіне де, өзгеге де саналы ақыл көзімен қарай алатын бәсе­ке­ге қабілетті жеке тұлғаны тәр­биелеу. Биылғы жыл ауданда «Биология жылы» болып жа­риялануына байланысты биология пәні мұғалімі Ж.Аб­дул­лаевтың «Биология пәнінде зертханалық жұмыс­тардың жүргізілу жолдары» тақыры­бындағы іс-тәжірибесі аудан көлемінде таратылды. Об­лыс­тық оқу-әдістемелік орта­лығында технология пәнінің мұғалімі Г.Сырым­бетова­ның 6-сыныпқа ар­налған, мате­матика пәнінің мұғалімі Г.Әшіро­ваның 6-сыныпқа, биология пәнінің мұғалімі Ж.Абдуллаевтың 10-сыныпқа арналған күнтізбе­лік жоспар­лары үлгі ретінде об­лыс мек­тептеріне берілді. Мекте­бі­міздің дарынды оқу­шы­лары пәндік олимпиа­даларға, түр­лі халықаралық деңгейдегі ин­теллектуалды ойындарға, ғылыми жоба­лар­ға қатысып, жүлделі орындар­ды иеленіп жүр.
Аудандық пәндік олим­пиадаға 38 оқушы қатысып, 11-жүлделі орынға ие болса,
2 оқушы облыстық олимпиа­даға қатысты. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемле­кеттік университетінің 75 жылдығына орай өткізілген пәндік олимпиадада инфор­матика пәні бойынша 11-сынып оқушысы А.Канал­бекова ІІІ орын, 10-сынып оқушысы Б.Әптаева «Алғыс хатпен» марапатталды. «Ақ­бота» интеллектуалды ойы­нына қатысқан оқушы А.Қос­­жанова жүлделі ІІІ орын иеленген.
Мектептегі интернет жү­йе­сі, интерактивті тақта, мульти­медиялық кабинет, инфор­матика кабинеті оқу­шылар­дың жан-жақты білім алуына мүмкіндік туғызады. Мектеп бойынша жекелеген пәндер­ден Қазақстандағы интернет-олимпиадасына 104 оқушы қатысып, жоғары балл жи­наған 45 оқушы сертификат алды.
Оқушылардың шығар­машылық қабілетін дамытуға жұмыс жасай отырып, пән мұғалімдері олардың дербес ойлануына ықпал етіп келеді. Соның нәтижесінде, аудан­­дық «Сыр бойындағы ежелгі қа­лалар мен тарихи мұралар» ғылыми жоба байқауында 4-сынып оқушысы Төлеген Әсел «Ертедегі Сығанақ қа­ласы» тақырыбында жұ­мысын қорғап, ІІ орын иеленіп, об­лыс­қа жолдама алды. Аудан­дық «Сыр қойнауында» ғы­лыми жоба байқауында «Ертедегі Асанас қаласы» та­қырыбымен 6-сынып оқу­шысы А.Қыдырбаева ІІ орын алып, облыстан ІІІ орын ие­ленді.
Республикалық колледж студенттері мен мектеп оқу­шылары арасында өткі­зілген «Зерттеуші» ғылыми жұмыстар конкурсында 8-сынып оқу­шысы Назерке Жетпісбай­қызы «Сыр өңірі экологиялық ахуалдары» тақырыбында ІІ орын, 10-сынып оқушысы Қ.Рахымжанова «Арал тағ­дыры – адам тағдыры» тақы­рыбында ІІ орын, 10-сынып оқушысы Айнұр Жұмабек­қызы «Ықтималдықтар тео­риясы мен комбинато­рика элементтерін геометрия есеп­терін шешуде қолдану» тақы­рыбында І орын алып, арнайы дипломмен марапатталды.
Облыстық «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлесті­гінің ұйымдастырумен өткен ғылыми жоба байқауына 8-сынып оқушысы Ақгүлім Атуллаева «Қызылорда об­лысы бойынша күріш­тен май алу мүмкіншілігін зерт­теу әдісі» тақырыбында жұмы-­сын қорғап, жүлделі І орын ие­гері атанды.
Оқушылар жетістігі – шы­ғармашыл ұстаз жұмысының нәтижесі. «Ғылым» баспа­сының шығарған «Надежды Казахстана» жинақ кітабына 10-сынып оқушысы Қ.Рақым­жанова, 11-сынып оқушысы Г.Нұрмаханованың жетіс­тіктері енгізілді.
 Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдай түсу үшін түрлі байқауларға қа­тысуын, мұғалімдердің жұмы­сын ұйымдастыруды шығар­машылықпен үйлестіруде ұжымдық талдау жасау арқы­лы олардың беделін өсіруге болады. Осындай жұмыстар­дың нәтижесінде аудандық байқаулардан жүлделі орын алып жүрген мектеп мерейін көтерген ұстаздарымыз бар. Бас жүлде –бастауыш сынып мұғалімдері А.Қайруллаева және Ә.Оңайсынова, физика пәнінің мұғалімі Г.Жақпанова, бірінші орын –қазақ тілі пәні мұғалімі А.Есіркеп, ағылшын пәні мұғалімі Г.Қартаңбаева, математика пәні мұғалімі
Г.Әшірова, Л.Өтепова, баста­уыш сынып мұғалімі Ұ.Мең­дібаева, тарих пәні мұғалімі Б.Қаниева және А.Мадияро­ва, биология пәні мұғалімі Ж.Жалғасбае­ва, сонымен қатар 12 мұғалім жүлдегер атанған. Ән-әуез пәні мұғалімі С.Аяпов аудан мұғалімдері арасында өткен «Патриоттық әскери әндер» байқауына қатысып, «Күміс көмей әнші» номина­циясын иеленіп, об­лысқа жолдама алды.
Тәуелсіз еліміздің бола­шағы – білімді ұрпақ дейтін бол­сақ, осы мақсатқа жету үшін әлі де көптеген жұмыстар атқаруға тиіспіз. Сондықтан мектепте бала оқытып жүрген жалпы ұстаз қауымы өз жұ­мысын шыңдай түсіп, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін, аянбай еңбек ете берсе, жоғары нә­тижелерге қол жеткізері күмәнсіз. Еліміздің және жас жеткіншектің басты капита­лы – сапалы білім.
«Ұйымдаса білген – ұта­­ды» деген халқымыздың сөзіне ден қойсақ, жұмысы жүйелі жос­парланған, алар межесі анық айқындалған жерде жеңіс те, жеміс те болатынын бағам­даймыз. Сондықтан бі­лім са­ла­сын­дағы атқарылуға тиіс­ті түрлі іс-шараларды жү­йелеп, зерделей отыра жүр­гізсек, әлі де талай биіктерге көтері­летініміз анық.
2012-2013 оқу жылында 28 оқушы мектеп бітірді, оның 16-сы қорытынды аттестат­тауды ұлттық бірыңғай тесті­леу ны­санында тапсырса, 12 оқу­шы өз қалауымен қоры­тынды аттестаттауды мектепте мемле­кеттік емтихан ныса­нында тапсырды. ҰБТ-ға қа­тыс­қан мектеп бітірушілердің жалпы орташа балы – 81,43 болды.
Қазақстан Республика­сының «Білім беру» заңда­рының талаптарын жүзеге асыру жолында жылдық жұ­мыс жоспары жасалып, мек­тепте оқушыларға сапалы білім беруді ұтымды ұйым­­дас­тыру талабы қойылды. Биыл­ғы оқу жылында жас ұрпақ­қа білім мен тәрбие беру ісінде нәтижелі жұмыстар жүргізіл­ді. Мектеп бойынша 23 класс-комплектісі бар. Барлығы 405/192 оқушы құрайды. 2012-2013 оқу жылында «5»-ке – 82 оқушы,«4»-ке – 134 оқушы, «4» пен «3»-ке – 188 оқушы бі­тірді.
Оқу жылы барысында мектепте тартылмай қалған немесе сабақты тастап кет­кен оқушы болған жоқ. Мектеп­ке қарасты 11 көше бар. Осы­ған орай, байланысты жақсар­тып, көше аралайтын мұғалімдер белгіленді. Жалпы, мектеп оқу жылын табысты аяқтады. Демек, біздің басты міндетіміз – оқушыларға сапалы білім беріп, ұлтжанды ұлан етіп тәрбиелеу.

www.aikyn.kz

Ілгері Көрушілер саны: 1988