Астанада мектеп оқушылары үшін далалық оқу-жаттығу жиыны болды (ФОТО)
Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен далалық оқу-жаттығу жиынын өткізді деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушылары 11-сынып оқушыларымен 9 әскери рота базасында айналысып, әскери істің негіздері бойынша іс жүзінде машықтануға көмек көрсетті.
68665 әскери бөлімінде оқушылар қару-жарақ пен жауынгерлік техника үлгілерімен танысып, десантшылардың қызмет ерекшелігімен, тұрмыс-тіршілігімен танысты.
«Отан қорғаушылар» монументінің жанындағы жиынның жабылу салтанатында жоғарғы сынып оқушыларының алдында Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – қоғаммен байланыс және психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы полковник Бахтияр Пернебеков сөз сөйледі.
Құрмет қарауылы ротасы плац-концертпен тәнті етіп, ал оқушылар қоян-қолтық ұрыс өнерін көрсетті.
Ең үздік рота, взвод және бөлімше командирлері Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің грамоталарамен марапатталды.
Baq.kz




