Елімізде спорттық сайыстарда саңылақ атанған түлектерге ҰБТ балын қосып беру ұсынылды
Спорттық сайыстарда саңылақ атанған түлектерге ҰБТ кезінде балл қосып беру керек. Жастар арасындағы салауатты өмір салтын дамыту мәселесін талқылаған депутаттар осындай ұсыныс жасады деп хабарлайды КТК арнасы.
Сондай-ақ, халық қалаулылары дамыған елдердің де таланттыларға қолдау көрсету тәсілінен тәжірибе алу керек деп есептейді.
"Шетелдерде спорт саласында үлкен жетістікке жеткен түлектерге ерекше мінездеме береді және олардың еңбегі жоғары оқу орнына түсерде ескеріледі. Міне, біз де осы жүйені жақсылап зерттеп, өзімізге енгізуіміз қажет. Сонда ғана жастардың спортқа деген қызығушылығы артады", - дейді Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрайымы Дариға Назарбаева.
Ал спорттық жарыстарда топ жарған түлектерге тестілеу кезінде балл қосып беру арқылы ауыл-аймақтардағы салауатты өмір салтын дамытып, жастардың спортқа деген ынтасын арттыруға болады екен. Тіпті кейбір депутаттар дене шынықтыру пәнін мемлекеттік емтихандар тізіміне қосу керек деп салды.
Сондай-ақ, атқамінерлердің назарынан спорт мектептерінде қаржы тапшылыған ашқұрсақ жүрген оқушылар мен тозығы жеткен спорт залдары да тыс қалмады.
news.nur.kz




