Павлодарлық мектеп бітіруші Әнуар Газезов “Алтын белгiсін” қайтарып алды

28 маусым 2013

Павлодарлық мектеп бітіруші түлек Әнуар Газезов “Алтын белгi” алу үшін жетпей қалған бір баллды еуропалық порттың сайты арқылы қайта алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 Тестілеу кезінде абитуриентке география пәнінен даулы сұрақ келген. Онда «Роттердам теңіз портының жылдық жүк тасымалы жылына қанша тоннаны құрайды?» деген сұрақ болған. Сұраққа жауап ретінде 210-211; 310-315; 300-400 және 500-550 миллион тонна деген жауап нұсқалары берілген. Газезов үшінші нұсқаны таңдап, 300-400 деп белгілеген. Ал дұрыс жауап 310-315 миллион тонна деген нұсқа болып шыққан.

Өз таңдауының дұрыстығын дәлелдеу мақсатында жас түлек республикалық апелляциялық комиссияға шағымданып, оларға Роттердам портының ресми сайтында «Жылдық жүк тасымалының көлемі 442 миллиона тоннаны құрайды» деп көрсетілген мәліметті алға тартқан. Бұл дәлелге апелляциялық комиссия қарсы тұрмады.

17 маусым күні Әнуар Газезов «Алтын белгінің» иегері атанды. Кейін белгілі болғандай сұрақтың қате берілуіне оқулықтағы ескі мәліметтер себеп болған.

«Алтын белгігеә ұсынылған бірнеше студент аппеляциялық коммиссиядан да қолдау таба алмаған, ал, Виктория Белявской, Айгюзель Қадыр және Әмина Әбдіраман ынды абитуриенттер Қазақстан Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа арнайы хат жазып, сол арқылы ғана өз баллдарына қол жеткізді.
Биылғы жылы барлығы 100 мыңға жуық мектеп бітіруші ҰБТ тапсырды, олардың 7-уі 125 балл жинады. Республика бойынша орташа балл -74,5 пайызды құрады.

Baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 807