• Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Елордалық түлектерге «Алтын белгі» тапсырылды

Бүгін Астана қаласының «Қазақ елі» монументі алаңында 2013 жылғы мектеп бітірушілердің «Алтын белгі» иелерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

 Астана қаласы бойынша мектеп бітірген 3637 түлектің 72-і «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды. 629 оқушы 100 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 2 оқушы 123 балл жинап (№46 мектеп – Александра Шалагаева, №54 мектеп- Лаура Жауханова) өз білімдерін дәлелдеді. Мектептер арасынан Ұлттық біріңғай тестілеуде алғашқы орында «Зерде» дарынды балалар мектебі озық шықты. Одан кейінгі орындарды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі мен ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі иеленді.
Түлектерге қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов  салтанатты түрде «Алтын белгілерін» табыс етті. Қала әкімі құттықтау сөзінде, қазіргі заманда әр жетістік біліммен ғана келетінін, бүгін алғашқы межеден өтіп, ендігі тағдырына түлектер өздері жауапты екенін айтып қадамдарына сәттілік тіледі.

Baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 137