Ғылыми жоба жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылады

28 маусым 2013

Baq.kz - ҚР Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұловтың блогы Наргиз есімді бойжеткен хат жазып, өзін толғантқан сұрақтарын қойыпты.

«Менің сіңілімнің 2014 жылы ҰБТ-ға қатысу ойында бар. Осыған байланысты егер ол халықаралық ғылыми жобада орын алса, 2015 жылғы болатын 2 кезеңді ҰБТ-ға қатысу міндетті бола ма? Жоқ, әлде халықаралық жобадан алған орны бойынша ҰБТ тапсырудан босатыла ма? Сіңлім қазір 9 сыныпты аяқтады. Ғылыми жобаға қатысу 10 сыныпқа сәйкес келеді. Егер 2015 жылы ҰБТ шарттары өзгерсе, ол өзінің ҰБТ-дан босатылу туралы құқығын сақтай ма? 2015 жылы оқуын аяқтайтын түлектерге халықаралық ғылыми жобалар бойынша қандай өзгерістер кірмек? Әлде қазіргі жағдай сақтала ма?

Талапкер бозбалаға министрдің жауабы төмендегідей болды: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау,аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары, жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады».

Baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 863