Емтихан нәтижелері жарамсыз деп танылды
Астана. 28 маусым. Baq.kz - Куба елінің билігі жоғары оқу орындарына түсу үшін математика пәнінен тапсырылған емтихан жауаптарын жарамсыз деп тапты. Өйткені, науқан алдында емтиханның дұрыс жауаптары толығымен ұрланған көрінеді.
Granma басылымы хабарлағандай, дұрыс жауаптарды дайындық курстарында дәріс өткен екі профессор базадан ұрлап шығып, оқушыларға сатқан екен. Кедейліктен сіңірі шыққан жергілікті тұрғындар балаларының жарқын болашағы үшін емтихан жауаптарын соңғы ақшаларына сатып алған.
Қазіргі таңда күдіктілердің екеуі де қолға түсті. Билік өкілдері олардың міндетті түрде жазаланатынын айта келе емтихан нәтижелерін жарамайтындығын мәлімдеді. Енді талапкерлер ағымдағы жылдың 1 шілдесінде математика пәнінен емтиханды екінші қайтара тапсырып көрмек.
Baq.kz




