Алматылық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсында бірінші орын алды
Алматылық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсында бірінші орын алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматылық мектеп оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында үздік деп танылды», деп жазылған хабарламада.
Конкурс ағымдағы жылдың 19-22 ақпан аралығында өткен. Оған еліміздің әр түкпірінен 917 жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Алматы қаласы мектептерінің 90 оқушысы 63 жобаны ұсыныпты.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша алматылық 72 оқушы жүлделі орынға ие болды. 16 оқушы бірінші орын, 27 екінші орын алған. Бұған қоса 29 оқушы үшінші орынға лайық деп танылды.
Осылайша, алматылық оқушылар жалпыкомандалық есеп бойынша 11-ші рет қатарынан жеңімпаз болып танылды.
bnews.kz




